Мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналарға арналған жадынама
1.Ешқашан баланы бәріне ұқсамағаны үшін аямаңыз.
2.Балаңызға сүйіспеншілік пен көңіл бөліңіз, бірақ оларға қажет басқа отбасы мүшелері бар екенін ұмытпаңыз.
3.Отбасыңыздың барлық мүшелері жеке өмірінен бас тартып, өзін «құрбан» сезінбеуі үшін өміріңізді ұйымдастырыңыз.
4.Баланы міндеттер мен проблемалардан қорғамаңыз. Барлық мәселелерді баламен бірге шешіңіз.
5.Балаңызға іс-әрекетте және шешім қабылдауда тәуелсіздік беріңіз.
6.Өзіңіздің сырт келбетіңіз бен мінез-құлқыңызды қадағалаңыз. Бала сізді мақтан тұтуы керек.
7.Егер Сіз бала талаптарын шамадан тыс деп санасаңыз, балаға «жоқ» деуге қорықпаңыз.
8.Баламен жиі сөйлесіңіз. Есіңізде болсын, теледидар да, радио да Сізді алмастыра алмайды.
9.Баланы құрдастарымен қарым-қатынаста шектемеңіз.
10.Достарыңызбен кездесуден бас тартпаңыз, оларды қонаққа жиі шақырыңыз.
11.Педагогтер мен психологтардың кеңесіне жиі жүгініңіз.
12.Арнайы әдебиеттерді ғана емес, сонымен қатар көркем әдебиетті де оқыңыз.
13.Мүгедек балалары бар отбасылармен араласыңыз. Өз тәжірибеңізді беріңіз және басқалардан оны алыңыз.
14.Өзіңізге кінә артып, жазғырмаңыз. Сізде ауру бала бар, сіз кінәлі емессіз!
15. Есіңізде болсын, бір күні бала өсіп, өз бетінше өмір сүруге мәжбүр болады. Оны болашақ өмірге дайындаңыз, баламен ол туралы сөйлесіңіз. Әрқашан есіңізде болсын, ерте ме, кеш пе Сіздің күш-жігеріңіз, шыдамдылығыңыз және мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеудегі асқан жұмысыңыз міндетті түрде ақталады.