Құрметті ата-аналар! Индиго жүйесінің жұмысы туралы өтініштер келіп түсуде. Бұл жүйе ақпараттық қауіпсіздік аттестатына ие және мектепке дейінгі білім беру саласындағы ағымдағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына жауап береді. Ата-аналар жеке кабинетте балабақшаға берілген жолдамалардың жойылғанына шағымданады. Жолдамалары жойылған қызмет алушылардың іс-қимылдарының хронологиясына тексеру жүргізілді. Барлық жолдамалар өтініш берушілердің жеке кабинеті арқылы бір IP – мекен - жайдан және құрылғыдан алынып отыр-бұл өтініш берушілердің өз кабинетінің деректерін үшінші тұлғаға бергенін көрсетуі мүмкін. Өтініш берушінің өзі жеке мәліметін үшінші тұлғаларға бергені үшін білім басқармасы жауап бермейді. Мұндай жағдайға тап болған ата-аналар құқық қорғау органдарына жүгіне алады. Білім бөліміне өтініш білдірген барлық ата – аналарға IP-мекен-жайы көрсетілген жауаптар жіберілді. Құрметті ата-аналар! Мұндай жағдайларды болдырмау үшін сақ болуларыңызды және жеке мәліметтеріңізді үшінші тұлғаларға бермеулеріңізді сұраймыз.

Құрметті ата-аналар! Мұндай жағдайларды болдырмау үшін сақ болуларыңызды және жеке мәліметтеріңізді үшінші тұлғаларға бермеулеріңізді сұраймыз
- Толығырық