A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Ясли-сад «Ұяша» отдела образования города Темиртау управления образования Карагандинской области

Мүмкіндігі шектеулі баласы бар

ата-аналарға арналған жадынама

 

 

БАЛАНЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАУ КЕРЕК?

 

Психологиялық қолдау – бұл ересек адамның баланың өзін-өзі бағалауын нығайту үшін оның жағымды жақтары мен артықшылықтарына назар аударатын, балаға өзіне және оның мүмкіндіктеріне сенуге көмектесетін, сәтсіздік кезеңдерінде оған қолдау көрсететін процесі.

Мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналар олардың балаға деген көзқарасынан, өз мінез-құлқын дұрыс таңдаудан, отбасылық психологиялық климаттан өсіп келе жатқан тұлғаның сенімділігі, жайлылығы, өзіне және басқа адамдарға қанағаттануы содан болатындығын есте ұстауы керек.

Қолдауды төмендегілер арқылы көрсетуге болады:

  • жеке сөздер, сөз тіркестері: «Керемет», «Тамаша», «Өте жақсы», «Мен сенің көмегіңе қуаныштымын/ризамын», «Жарайсың» және т.б.;
  • жанасулар, бірлескен әрекеттер: құшақтау, сипау, қолдан ұстау;
  • ым: жымию, бас изеу, көз қысу.

Сенімді нығайту – балаңызды терең психологиялық күйзелістерден қорғаудың ең сенімді тәсілі – оның ата-анасы әрдайым жақын және кез-келген сәтсіздіктер мен проблемалық жағдайларда оған көмектесуге дайын екендігіне, оны жақсы көретініне және тұлға ретінде бағалайтынына сенімін нығайту. Қолдау сөздері: «Сені білгендіктен, сенің жетістікке жететініңе сенімдімін»; «Ия, бұл қиын, бірақ менің ойымша, сенің қолыңнан бұл іс келеді».

Мақұлдауды білдіру – баланы өзі маңызды деп санайтын жетістіктері үшін мақұлдау сөздерімен марапаттау әрқашан өте пайдалы.

Мақұлдау өзін-өзі қанағаттандыру сезімін тудырады, жаңа биіктерге жетуге деген ұмтылысты күшейтеді, жеңімпаздың позициясын қалыптастырады: «Мен сені мақтан тұтамын»; «Сенде керемет шықты», «Сен бұл істі жақсы орындадын».

Басқа адамдарға жағымды көңіл-күймен қарау – егер бала тек өзіне қатысты мақтауды қабылдаса, бұл жеткіліксіз. Оған басқа адамдардың жақсы жақтарын байқауға үйретіңіз. Отбасыңызбен жиі жиналып, оның барлық мүшелерінің жетістіктерін талқылаңыз.

Достық қарым-қатынасты ынталандыру – дос табу бала үшін ең маңызды мәселе. Достық бізге басқаларға қажет екеніміздің құнды санасын сезінуге мүмкіндік береді. Ол сынып немесе үйірме болсын, балаға құрдастарының арасында болу, топтен қабылданғанын сезіну маңызды. Егер Сіздің ұлыңыз (немесе қызыңыз) объективті себептерге байланысты көп уақытын өз пәтеріңде өткізсе, үй есіктері әрдайым достарына ашық болсын. Мүмкіндігінше, балаға оған қонаққа келетін, онымен бірге үйде уақыт өткізетін құрдастарымен қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге көмектесіңіз.