A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Ясли-сад «Ұяша» отдела образования города Темиртау управления образования Карагандинской области

Баланы мектепке дайындау бойынша ата-аналарға арналған жадынамалар

 

Жадынама №1.

1.Балаңызға қоғамда абыржуға мүмкіндік бермейтін ақпаратты игеруге көмектесіңіз.

2.Баланы өз заттарын тәртіппен ұстауға үйретіңіз.

3.Баланы мектептегі қиындықтар және сәтсіздіктермен қорқытпаңыз.

4.Баланы сәтсіздіктерге дұрыс жауап беруге үйретіңіз.

5.Балаңызға өзін сенімді сезінуге көмектесіңіз.

6. Баланы өз бетінше әрекет етуге үйретіңіз.

7.Баланы сезінуге және таңдануға үйретіңіз, оның қызығушылығын ынталандырыңыз.

8.Баламен қарым-қатынастың әр сәтін пайдалы етуге тырысыңыз.

 

Жадынама №2.

1. Жақсы дос болу, атап айтқанда, өзінің заттарымен басқалармен бөлісу. Бұл әсіресе ағасы немесе қарындасы жоқ балаларға қатысты. Бөлісу және сараң болмау қабілеті балаға достар табуға көмектеседі және бұл дағды оған өмір бойы қызмет етеді. Отбасы әрқашан жаныңда бола бермейді және егер, Сіз өзіңіз жақсы дос болсаңыз ғана достық көмекке сүйене аласыз.

2. Өзі үшін тұра білу. Балалар үнемі «қарым-қатынастарын шешеді», ойыншықтарды бір-бірінен алуға тырысады, кейде тіпті төбелеседі – бұл жағдайлардан құтылу мүмкін емес! Алайда, баланы жанжалды жағдайлардан конструктивті түрде (долылық пен төбелестерсіз) шығуға үйрету мүмкін.

3. Басқалар үшін болысу. Жанашырлық пен әлсіз адам үшін болысу қабілеті де ерте балалық шақтан қалыптасады. Бұл дағды әсіресе ұлдар үшін өте маңызды.

4. Өз пікірін қалыптастыру. Балалар бәріне  еліктеуге бейім, бұл қалыпты жағдай. Бірақ олар есейген сайын ата-аналар балаға оның қайталанбайтын тұлға екендігін, өзінің қайталанбас ерекшеліктері мен дарындылығын анықтау және оларды дамыту қажет екенін түсіндіруі керек.

5. Батыл болу. Балалар өзгерістерден жеңіл өтеді, жаңа нәрселерді жасап  көруге оңай келіседі, оларға өздерін көрсете білу және басқалардан бірдеңе сұрау қорықынышты емес. Балаңызға осы қасиеттердің балалық шағынан ересек жасқа дейін сақталып қалуына көмектесіңіз. 

6. Өз стилін іздеу. Көбінесе аналарда балалардың шаш үлгісі және киім кию үлгісіне тәжірибе жасауға уақыт жетпейді, нәтижесінде балалар ата-анасы таңдаған киімді киеді. Тым болмаса, демалыс күндерінде балаңызға өз талғамын басшылыққа ала отырып, киім таңдау құқығын беруге тырысыңыз.

7. Жануарларға қамқорлық жасау. Бұл үшін үйде үй жануарларын ұстау міндетті емес. Көшедегі жануарларды – мысықтарды, иттерді бақылап, көгершіндерге нанның қоқымын беру арқылы Сіз баланы басқа тіршілік иелеріне жанашырлықпен қарауға, қазіргі заманда жетіспейтін мейірімділікке үйрете аласыз.

8. Сәтсіздіктен кейін әрекет етуге тырысуын жалғастыру. Басында бәрі қиын болып көрінеді. Тым болмаса велосипедті алып көрейік. Біреудің бірден велосипедке мініп, жүріп кетуі екіталай, бірақ әлемде қанша велогонщик бар? Баланың бастаған ісі қолынан келмесе, оның бірінші тілегі бастаған ісін тастау. Балаңызға қандай жағдай болмасын алға жүруді үйретіңіз. Бұл оған өмірде көп көмектеседі.

9. Көпті армандау және еңбектену. Армандар, тіпті олардың ең кереметтері де, біздің өмірімізді жарқын етеді, бірақ оларды жүзеге асыру үшін көп еңбек ету керек. Баланың өз арманына жету жолында қолдау көрсетіңіз және «Бұл мүмкін емес!», «Бәрібір бұл іс сенің қолыңнан келмейді», «Бекер тырысып жатырсың» деген сөздерден аулақ болуға тырысыңыз.

10. Әр күнге қуаныңыз. Өмір  әрқашан бірқалыпты бола бермейді және әр күн жақсы өте бермейді. Бірақ еңсемізді түсірмей, келесі күнді қуанышты сезіммен өткізу біздің қолымызда. Балаңызға ренжудің пайдасыз екенін түсіндіріңіз. Одан да нені жақсы жаққа өзгертуге болатыны туралы ойлану әлдеқайда жақсы.